×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Асфальт былай тұрсын көшемізді түзулеп берсе ғой – Назым Қызайбай

06.08.2024, 13:29
Фото: Ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасының бокстан жартылай финалына шыққан Назым Қызайбай әлеуметтік желіде журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген қызықты жауабы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың Тараз қаласындағы үйі тұрған көшеге асфальт жайылған еді. 

– Бұл негізі жоспарланған жол. Ол күзге дейін бітуі керек еді. Соны тездетіп, чемпион келгенге дейін жолды салды. Екі көше бар. Асфальт төсеп тастадық, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Дастан Исламбек Ulysmedia.kz тілшісіне.

Осылайша, Байымбаев және Жайымбаев көшелеріне жалпы ұзындығы 1,2 шақырым жолға асфальт жайылған.

Жаңалықтан кейін журналист сторисіне “Әкімшіліктегілер Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбайдың көшесін жөндей берсе бола ма, ағайын?” деп сұрақ қалдырған. Оған Назым Қызайбай жауап берген. 

– Өте қуанар едім. Мен жақта асфальт былай тұрсын, бір қырып түзулеп өтсе ғой, – деп жауап жазған боксшы қыз.

Назым Қызайбай бүгін қытай боксшысымен жекпе-жекке шығады. Жеңген боксшы финалға шығады.