×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Отқа оранған көлікті басқарған әйел мас болған

19.11.2021, 07:05

Ақтөбе полиция департаменті онда орын алған оқыс оқиғада жол-көлік оқиғасын жасаған көлікті басқарған әйелдің мас болғанын айтып отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Салдарында бұрылыста рульді басқара алмаған қызыл түсті «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатса, онымен соғысқан, түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына апарылған «Lada Priora» және «Opel Vectra» көлігіндегілердің жағдайы қанағаттанарлық.

Бейнебақылаудан соққыдан «Daewoo Nexia» автокөлігінің бірер сәтте лап етіп, өртеніп кеткенін байқауға болады. Оқиға орнында өзге көлік жүргізушілері көмектесуге тырысып, полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жеткен.

«31 жастағы әйел жүргізуші «Daewoo Nexia» автокөлігін мас күйінде басқарған», – дейді жергілікті полиция департаменті анықтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Эльмира Суликанова.

 

Ақтөбеде таңертеңгі болған жол-көлік оқиғасы туралы жаңа мәліметтер мен видео пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызыл түсті “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі бұрылыста рульді басқара алмай, “Lada Priora” және “Opel Vectra” автокөліктерімен соқтығысқаны ПД ЖБО бейнебақылау камераларынан көрінеді. Соққы салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі келген. ПД Анықтау басқармасы бастығының м.а. Эльмира Суликанованың айтуынша, 31 жастағы әйел жүргізуші “Daewoo Nexia” автокөлігін мас күйінде басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және “Lada Priora” автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі жан сақтау бөлімінде жатыр, басқа жол-көлік оқиғасына қатысушылардың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtobede-nexia-koligi-ortendi-zhanga-malimetter-pajda-boldy/
Серіктес жаңалықтары