×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанның әуежай, вокзалдары қытай тілінде қызмет көрсете бастайды

07.08.2024, 16:50
Қазақстанның әуежай, вокзалдары қытай тілінде қызмет көрсете бастайды
Фото: Ашық дереккөзден

2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына байланысты елдегі әуежайлар мен вокзалдарда қытай тілінде қызмет көрсететін мамандар көбейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жиналыс

Көлік министрінің төрағалығымен Туризм және спорт комитетінің индустрия және туризм комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Kazakh Tourism, Қазақстан темір жолы, ҚазАвтоЖол, әуежайлар, әуе компаниялары және теміржол вокзалдары басшыларының қатысуымен келесі 2025 жылы орын алатын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы бойынша жиналыс өткен.

Туристер

Индустрия және туризм комитетінің төрағасы 2023 жылы Қытайдан келген туристердің ағыны 367 мың адамды құрағанын, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 есе көп екенін айтты. Сонымен қатар туризм саласындағы жоспарланған іс-шаралар туралы мәлім етті. Бұл ретте көлік инфрақұрылымының рөлі ерекше.

Жиын қорытындысы бойынша министр келесі жылға дайындықты бастауды тапсырды. Мәселен:

  • туристерге арналған тіркеу тіректерінің санын арттыру;
  • ірі әуежайлар мен теміржол вокзалдарына қытай тілін меңгерген қосымша мамандарды тарту, арнайы брошюралар жасақтау және т/б.

Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келесі жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылдаған. Си Цзиньпин екі елде Қазақстан мен Қытайдың мәдени орталықтары ашылғанын, сондай-ақ Қазақстанда Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қазақ пен қытай халықтарының жақындасуына ықпал етуі тиіс.