Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөліміне өз толғағымен келген аудан тұрғыны Гүлназ Раимованы дәрігерлер дереу тексерді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
НӘРЕСТЕНІҢ САЛМАҒЫ 5 КЕЛІДЕН АСАДЫ
Дәрігерлер аяғы ауыр келіншекті тексеріп, Гүлназдын қағанақ суының келуіне байланысты ота жолымен босандыруға шешім қабылдады. Нәтижесінде таңғы сағат 06:50-де 5 келі 20 грамм сәби дүниеге келді.
АЛ ОНЫҢ БОЙЫ – 58 СМ
Дәрігерлер Гүлназ Раимованың бұл алғашқы жүктілігі дейді. Бес жарым келіге жуық болған сәбидің бойының ұзындығы 58-сантиметр болған. Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайы жақсы, - делінген хабарламада.
Жақында Түркістан қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келген еді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты.