×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жеңіліс мені сындырмайды — Нұрбек Оралбай Астанаға ұшып келді

12.08.2024, 09:46
Жеңіліс мені сындырмайды — Нұрбек Оралбай Астанаға ұшып келді
Ulysmedia

Париж Олимпиадасында 80 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған боксшы Нұрбек Оралбай бүгін Астанаға ұшып келді. Олимпиада жүлдегерін елорда әуежайында туған-туыстары, жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленген еді. Финалға дейін жеткен боксшы ақтық сында украиналық Александр Хижнякқа есе жіберген. Осылайша, 24 жастағы қазақстандық боксшы өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында үздіктер қатарына еніп отыр. 

Астанада боксшыны үлкен құрмет-қошеметпен қарсы алды.


 

- Өкінішке қарай екінші орын болып қалды. Жеңіліс бізді сындырмайды. Мықты қылады. Алла қаласа келесі Олимпиадада алтын медальмен ораламын деген ниеттерін. Қолдап жатқандарыңызға рахмет!

Бір-екі ай демалып, тынығып, емделіп, жаттығуларды бастап, әлем және Азия чемпионаттарына дайындаламыз. 

Олимпиада болғаннан кейін оңай болған жоқ. Ол жаққа ешкім ұтылу үшін бармайды. Барын салады. Алланың қалауымен екінші орын бұйырып тұр екен. Олимпиада ойындарына алтын үшін барған едім. Бұл жолы бұйырмаған алтын келесі Олимпиадада бұйырады деп ойлаймын, – деді журналистердің сұрағына жауап берген боксшы.