×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Қылмыс әлемі. Қазақстан азаматы Қырғызстан авторитетінің сыбайласы болып шықты

kabar.kg

Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қ. Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыру фактісі бойынша Қазақстан азаматы, кәсіпкер, «Симирам» демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировке іздеу салды, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

ЯСЫНЖАН ТАИРОВ ДЕГЕН КІМ?

Комитеттің мәліметіне қарағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша тергеу, жедел іс-шаралар жүргізу аясында кәсіпкер Ясынжан Таировтің «Братский круг» халықаралық қылмыстық тобына кірген Қ. Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық топ қызметін қаржыландырғаны анықталды.

Мысалы, Ясынжан Таиров Қ.Асанбектің рэкет, бопсалау, қылмыстық қоғамдастық құрамында кәсіпкерлерден алым-салықтарды алып, заңсыз әрекеттерден пайда тауып отырғанын, оның ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғандығын біле отырып, патронат алу мақсатында Қырғызстан аумағында бірлескен бизнес жобалар жүргізу үшін байланыс орнатқан.

ҚЫРҒЫЗ АВТОРИТЕТІНЕ 200 МЫҢ ДОЛЛАР БЕРГЕН

Оның Қ.Асанбектің қылмыстық әрекетін қаржыландыру мақсатында 200 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бергені анықталды.

Сонымен бірге «Симирам» демалыс орталығының иесі тұрақты түрде бос уақыттары мен демалыстарын ұйымдастыру үшін ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдеріне коттедждер мен бөлмелер ұсынған. Қолда бар мәліметке қарағанда, Я.Таиров Қ. Асанбекке мереке сайын  қымбат сыйлықтар ұсынып келген.

Осы жерде айтатын бәр нәрсе, Я.Таиров пен Қ. Асанбек Шолпан-Ата қаласында, Қ. Асанбек пен онымен сыбайлас адамдарға тиесілі «Барс» кешенінің аумағында кездескен.

Бішкек Октябрь аудандық сотының қаулысымен Я. Таировты қамауға алу туралы шешім шықты. Сондай-ақ оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекетаралық және «Интерпол» ҰБО желісі бойынша іздеу жарияланды.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ulysmedia.kz тілшісіне 2023 жылдан бері іздеуде жүрген Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өміралиевтің Қырғызстанда ұсталғанын хабарлады.