×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы әуежайын басып алу ісі: Адвокаттарды лицензиядан айыру шешімінің күші жойылды

13.08.2024, 14:10
Алматы әуежайын басып алу ісі: Адвокаттарды лицензиядан айыру шешімінің күші жойылды
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстанның Жоғарғы соты Алматы қалалық сотының 2022 жылыы Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу" ісі бойынша адвокаттарды лицензиядан айыру туралы жеке қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғарғы сот Алматы қалалық сотының адвокаттар Гүлнар Жуасбаеваны, Айнара Айдарханованы, Шынқуат Байжановты, Абзал Айдарханов пен Василий Садықовты лицензиядан айыру туралы жеке қаулының күшін жойды. Бұл адвокаттар "Алматы әуежайын басып алу" ісі бойынша журналист Әйгерім Тілеужанова мен басқа айыпталушыларға қорғаған еді. 

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласы Наурызбай ауданының соты айыпталушыларды "әуежайды басып алу" ісі бойынша 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырған болатын. Журналист Әйгерім Тілеужанованы сот төрт жылға бас бостандығынан айырды, қалғандарына сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Тергеу абсурд деңгейінде қорытындыға келді: журналист Тілеужан арнайы приемниктен шығып, не болып жатқанын өз көзімен көру және осылайша өзінің кәсіби борышын орындау үшін емес, "Алматы халықаралық әуежайында тәртіпсіздіктер ұйымдастыру" үшін әуежайға бет алды деген нұсқаны келтірген.

Тергеушілердің пікірінше, журналист "тәртіпсіздіктерге қатысушыларға басшылық еткен, осылайша олардың қозғалыс бағыттарын анықтаған", сондай-ақ әуежай қызметкерлерінен "ұшақтардың келуіне және ұшуына жол бермеу мақсатында", оның ішінде ҰҚШҰ әскерлерімен жұмысты тоқтатуды талап еткен.