×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Украина әскері Ресейдің 74 селосын бақылауға алды - Зеленский

Украина әскері Ресейдің 74 селосын бақылауға алды - Зеленский
err.ee

Украина президенті Владимир Зеленский Қарулы күштердің Ресейдің Курск облысына шабуылы кезінде 74 елді мекенін бақылауға алғанын айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Украина әскері Ресейдің территориясына кірген кезден бері алға жылжып жатыр. Сонымен бірге ол Ресейдің жауынгерлерінің де көптеп тұтқынға түсіп жатқанын, алайда неше адамның қолға түскенін айтпады.

Ал Ресей Украина аумағынынан әскерінің бір бөлігін Курск облысындағы шабуылдарға тойтарыс беру үшін шығарады деген дерек шықты.

ӘЗІРГЕ НЕШЕ РЕСЕЙ ӘСКЕРІНІҢ КӨМЕККЕ КЕЛЕТІНІ БЕЛГІСІЗ

Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Украина әскерінің Курск облысына шабуылына қарымта қайтару үшін Луганск, Донецк, Запорожье мен Херсон облыстарынан шығаруға дайындалып жатыр. Әзірше неше Ресей әскерінің шекаралас аймақтарға жіберелетіні белгісіз.

Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің ұлты орыс бас қолбасшысы Александр Сырский мемлекет басшысы Владимир Зеленскийге Украина әскерінің Курскі облысының аумағына 40 шақырымға дейін тереңдеп еніп, өз бақылауына 1000 шаршы шақырымға дейінгі жерді алып, 28 елді мекенді өз қарамағына алғанын айтқан болатын.

Бір күмән туғызатын нәрсе, Украина әскерінің айналасы бірнеше күнде 46 селоны басып алғаны белгісіз болып отыр.