×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістан облысында биыл қозы 7 млн-ға көбейді

Түркістан облысында биыл қозы 7 млн-ға көбейді
qazaqtimes.com

Елімізде Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал санын көбейту бойынша қолға алған жұмыстарына қарамастан малдың төлдеуі күрт азайып кетті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

БИЫЛ СИЫРЛАР АЗ ТӨЛДЕГЕН

Биыл Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, биыл сиырлар былтырғы жылға қарағанда, 77,9 мыңға аз төлдеген. Ал қойдың төлдеуі өткен жылмен салыстырғанда 535,4 мыңға азайған.  Сондай-ақ, биыл биелер 2023 жылмен салыстырып қарағанда 66,8 мыңға, ешкілер 153,7 мыңға, шошқалар 54,2 мыңға аз төлдеген. Десек те боталар жыл басынан бері былтырғы саннан қарағанда 3 мыңға көбейген.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚҰЛЫНДАР КӨБЕЙДІ

Мысалы, Түркістан облысында сиыр мен қойлар ең көп төлдесе, Қарағанды облысында жылқының, Қызылорда өңірінде түйенің, Солтүстік Қазақстан облысында шошқаның көп төлдегені анықталған.

Бұзаулар – 2.314.518

Қозылар – 7.303.631

Лақтар -  886.676

Құлындар - 961.466

Боталар - 49.601

Торайлар -  495.534

Елімізде мал санын көбейтіп, одан қазынаға түсетін табыс туралы дерек келтірсек, биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай компанияларымен ет экспорты және мал басын жіберу туралы жаңа келісімдер жасады.

Қытай Қазақстаннан сиыр еті мен мал басын алғысы келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық компаниялармен 75 миллион долларлық үш жаңа келісімге қол қойды. Еттің алғашқы партиясы Қытайға маусым айында экспортталды.