×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Құрылысы бітпеген үйге кіргізген»: Ақмола облысында ер адам 6 жастағы қызды зорлаған

«Құрылысы бітпеген үйге кіргізген»: Ақмола облысында ер адам 6 жастағы қызды зорлаған
otyrar.kz

Бүгін Ақмола облысының Целиноград ауданында 22 жастағы жігіттің 6 жастағы қызды зорлаған болуы мүмкін деген дерек шықты, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

ҚЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТПЕГЕН ҮЙГЕ КІРГІЗІП, ІШ КИІМІН ШЕШКЕН

Әлеуметтік желідегі хабардан белгілі болғандай, ер адам 6 жастағы қызды құрылысы бітпеген үйге кіргізіп, іш киімін шешкен. Осы оқиғаға қатысты полиция ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі «зорлау» бойынша тергеуді бастады.

Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу 120-бап, 4-бап бойынша жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу аясында сараптамалар тағайындалды.

КҮДІКТІ АСТАНАДАН КЕЛГЕН

Полиция анықтағандай, ұсталған ер адам 2002 жылы туған Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

Ал жақында Павлодар облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда 12 жасында босанған қыздың ата-анасына қатысты жеке іс қаралған еді. Осыдан кейін полиция қызды оның туысы зорлағанын анықтаған.