×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

12 жасында босанған қызды зорлаған туысы болып шықты

07.08.2024, 14:39
12 жасында босанған қызды зорлаған туысы болып шықты
Sputnik / Табылды Кадырбеков

Павлодар облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда 12 жасында босанған қыздың ата-анасына қатысты жеке іс қаралды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ЖАС АНА МЕН СӘБИДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ДӘРІГЕРЛЕР БАҚЫЛАП ОТЫР

Бүгінде жас ана жаңа туған нәрестемен бірге облыстық перинаталдық орталыққа орналастырылды. Олардың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Дәрігерлер жасөспірімнің психоэмоционалды жағдайын үнемі қадағалап отырады.

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер ананың өмірлік жағдайы ауыр болған жағдайда жаңа туған нәрестені ата-ана құқықтарына шектеусіз 12 айға дейінгі балалар үйіне орналастыруды көздейді. Бірақ заңды өкілдер бұл шарттан бас тартып, өз бетінше мәселені шешеміз деп айтқан, – деді Сәуле Шәкенева. 

12 жастағы ананың жағдайына қолы ашық жандар да назар аударып, көмектесіп жатыр. Мысалы, меценат, кәсіпкер және облыстық мәслихат депутаты Асылбек Туғанбай мен демеуші Асылбек Туғанбай жиһаз, тұрмыстық техника мен бүкіл керекті заттарды алуға көмектесті.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІМЕН ЖАСӨСІПІРІМГЕ ҮЙ БЕРІЛДІ

Облыс әкімінің шешімімен жас анаға басқа ауылдан үй сатып алынды.

Бұл отбасыны жалғыз қалдырмаймыз. Құжаттармен де жәрдемдесеміз. Отбасы аяққа тік тұрғанша қолдап тұрамыз,– деді облыстық мәслихат депутаты Асылбек Туғанбай.

Ол жаңа туған сәбиге сақ патшайымы болған Томиристің есімін қойды.

КҮДІКТІ ТУЫСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Жасөсіпірім Павлодар облысының Галкин ауылында босанды. Жәбірленушінің туысы күдікті деп танылды. Ол қамауға алынды. Қызды зорлау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында да бір ер адам 15 және 21 жастағы апалы-сіңлілі қызды зорлап, қылмысын видеоға түсірген деген хабар шықты. Оның жанында қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің бұрынғы бақылаушысы болған деген де дерек бар.