Жапония премьер-министрі қызметінен кететінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жапония премьер-министрі Фумио Кисида қыркүйек айында Жапонияның билеуші партиясының басшысы сайлауына қатыспайтынын хабарлады. Бұл жақында Жапонияға жаңа премьер келеді дегенді білдіреді, деп жазады NHK. Кисида өзінің шешімін саясаттың "қоғам сенбесе, жұмыс істей алмайтынымен" түсіндірген. Кисида сайлауға қатыспау туралы шешімді саяси жанжалдарға және Жапонияда өмір сүру құнының өсуіне қарсы қоғамдық наразылық аясында қабылдады, деп жазады Reuters.
Жапония премьер-министрі әрі Жапонияның басқарушы либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) төрағасы Фумио Кисида қыркүйек айында өтетін партия басшысының сайлауында екінші мерзімге өзін ұсынбайды.
Баспасөз мәслихатында Кисида "саясат қоғам сенімінсіз жұмыс істей алмайды" деп мәлімдеді.
– Мен осынау күрделі шешімді қоғамдық ойлау және саяси реформаларды ілгерілету үшін берік ниетпен қабылдадым, — деп түсіндірді Кисида.
Ол сондай-ақ алдағы сайлауда халыққа либералды-демократиялық партияның өзгеретінін көрсету қажет екенін айтты, деп хабарлайды NHK. Ол үшін ашық сайлау, сондай-ақ еркін пікірталас қажет дейді.