×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

20 жылдан асып кеткен: елдегі ең ескі көліктерді қай облыстың адамдары теуіп жүр

15.08.2024, 15:31
20 жылдан асып кеткен: елдегі ең ескі көліктерді қай облыстың адамдары теуіп жүр
ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда маусым айында 132,8 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылғанын хабарлайды, деп жазады деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Маусымдағы көрсеткіш

2024 жылдың маусымында 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% кеміді.

Жалпы көрсеткіш

Осылайша 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны:

5 506,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Көлігіңіздің “жасы” нешеде

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды.

Ең ескі көліктерді кімдер теуіп жүр

Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың. Сонда көліктердің Алматыда 189,7 мыңы, Жамбыл облысында 168,8 мыңы, Қарағанды облысында 162,9 мыңы және Шығыс Қазақстан облысында 154 мыңы жүйткіп жүр.