×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы туралы айтқан адамға қомақты сыйақы беріледі

Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы туралы айтқан адамға қомақты сыйақы беріледі
Коллаж Ulysmedia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы, Ресей Федерациясының азаматы Азамат Қапеновті іздеуде, деп хабарлады Ulysmedia.kz. 

ІЗДЕУДЕГІ АДАМ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТУҒАН

Азамат Абайұлы Қапенов 1978 жылы 12 сәуірде Қырғыз Республикасының Пржевальск қаласында туған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». іздестіріліп жатқан адамның қайда жүргенін білсеңіздер Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2 мекенжайда орналасқан Антикордың мекемесіне, 8 (7232) 29-88-88 нөмірдегі кезекші бөлімге, іздестіру тобының 8-708-908-92-79 ұялы телефонына немесе kb.vko@antikor.gov.kz электрондық поштаға хабар беруіңізді сұрайды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін  ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеубаласы Азамат Қапенов бес күннен бері іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. Ол жайлы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында жарияланды.

Азамат Қапеновты іздеу жөнінде мәлімет 9 тамызда жарияланған. Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. 

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Осыған дейін хабарланғандай, Ресей азаматы Қазақстанға қолтырауынды кіргізгісі келген. Оның қолтырауынның шетелге шығаруға рұқсат беретін құжаттары болмағанымен, заңбұзушылықпен толтырылған ветеринарлық паспорты болған.