×
$
456.89
531.36
5.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.89
531.36
5.32

Қазақстанға алтын миллиардтаған доллар әкелді: халықаралық резервтер күрт өсті

Бүгін, 15:00
Қазақстанға алтын миллиардтаған доллар әкелді: халықаралық резервтер күрт өсті
Ulysmedia коллажы

Тамыз айында Қазақстанның халықаралық резервтері 9,4 млрд долларға өсіп, 138,8 млрд долларға жетті. Негізгі өсім алтын қорының артуы есебінен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Резервтер ненің есебінен өсті

Ұлттық банктің жалпы резервтері 11,4% артып, 70,6 млрд долларға жетті. Өсімнің негізгі драйвері – алтын портфелі. Оның көлемі 15,8% өсіп, 55,8 млрд долларға жетті.

Ал валюта бөлігінің көлемі 2,5% азайып, 14,8 млрд доллар болды.

Ұлттық қордың активтері де 3,2% өсіп, 68,2 млрд долларға жетті.

Мұнай бағасы 100 доллардан асты

Таяу Шығыстағы соққылар аясында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 100 доллардан асты. АҚШ бес ирандық танкерді жойды. Ал Дональд Трамп аралық сайлау аяқталғанға дейін энергия бағасы төмендемейтінін мәлімдеді.

Теңге не болды

Сауда-саттықта доллар 2,22 теңгеге қымбаттап, 456,61 теңгеге жетті. Сауда көлемі 796 млн доллар болды.

Ұлттық банктің валюта сатуы мен теңгелік құралдардың тартымдылығын арттыратын жоғары мөлшерлемелер доллардың одан әрі қымбаттауын тежеуі мүмкін.