Х желісінде танымал Adams Boxing Show аккаунты америкалық Теренс Кроуфордқа (41-0, 31 КО) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кеше Кроуфорд жартылай орта салмақта WBO титулынан бас тартты. Сонымен бірге, Теренс бірінші жартылай орта дивизионда алғашқы жекпе-жегін өткізіп, өзбекстандық Исраил Мадримовты (10-1-1, 7 КО) жеңіп, оның WBA титулын алып қойды. Осылайша, ол төртінші салмақта чемпион атанып отыр.
"Кроуфорд Әлімханұлына қарсы. Ол жаңа ғана 154 фунтта өзбекстандық Исраил Мадримовты жеңді. Енді ол көршілес Қазақстаннан шыққан 160 фунтта WBO және IBF чемпионын жеңе ала ма?", – делінген жариялымда.