×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақ әскері соғысқа қалай дайындалады - видео

20.11.2021, 20:17

Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштерінің «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуының видеосын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-жаттығу барысында іс жүзінде орындалатын эпизодқа жаттығу кезі, жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау мен оларды өткізу сабақтары өткізілді.

Бірлескен маневрлердің мақсаты бірлескен тапсырмаларды шешуде бауырлас екі елдің өзара іс-қимылы мен үйлесімділік деңгейін арттыру болып отыр.

Еліміз тарапынан оқу-жаттығуға 100-ден аса әскери қызметші қатысып, Су-30СМ көпфункционалды жойғыштар буыны, С-295 әскери-көліктік ұшақтар, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылады.

Қазақстан бөлімшелері орындайтын оқу-жауынгерлік тапсырмаларының қатарына іздеу-барлау операцияларын жүргізу, қарсыластың тәжірибелі жасақтарын жою кезінде жауынгерлік қорғау бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау, шабуыл жасап заңсыз қаруланған құралымдарды жою, ұрыс алаңынан жаралылар мен істен шыққан техниканы көшіру кіреді.

Серіктес жаңалықтары