×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жыл басынан бері шекараны заңсыз кесіп өтудің 240 дерегі тіркелді

18.08.2024, 12:58
Жыл басынан бері шекараны заңсыз кесіп өтудің 240 дерегі тіркелді
Ашық дереккөзден

Биыл жыл басынан бері елімізде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 240 дерегі тіркеліп, 94 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, жалпы сомасы 7 млрд теңгеден аса валютаны шетел асырудың 780 дерегі анықталған.

Еске сала кетсек, бүгін елімізде Шекарашылар күні аталып өтіп жатыр. 

Бүгінде ел шекарасында 100-ден аса өткізу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде авиациялық, теңіз, өзен, теміржол, автомобиль сияқты түрлері бар. Күн сайын 10 мыңға жуық сарбаз жауынгерлік кезекшілікке шығады.