×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Президентпен бір күн: Ақорда креативті мобилограф іздеп жатыр

18.08.2024, 14:54
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі мен Kyran Films компаниясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы үздік бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жариялады.

“Бұл - тарихи сәт, ең жас және креативті мобилограф Президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын - тарихи кезең. Барлық мобилографтар мен контентмейкерлерді ауқымды байқауға қатысуға шақырамыз”, деді Б.Уәли өзінің желідегі жазбасында.

Үміткерлер видеоларын TikTok және Іnstagram-ға #nomadgamesfest хэштегімен салуы керек.

“Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, Intagram, TikTok-қа #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл - сіздің өзіңіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз”, дейді Берік Уәли.

Байқаудың жүлделері де қомақты. Атап айтсақ,
- Гран-при: 

Президенттің жеке мобилографы болу, 

iPhone 15 Pro Max, 

MOBILOGRAPHY BOX (жарық, микрофон),

+ 1 000 000 теңге.

2 орын - 1 000 000 теңге.

3 орын- iPhone 15 Pro Max.

4 орын- 500 000 теңге.

5-15 орындар - MOBILOGRAPHY box (жарық және микрофондар).

16-20 орындар - Мобилография курсы (онлайн оқу).

21-100 орындар - Жеке мадақтамалар.

101-150 орындар - Арнайы сертификаттар.

Бөлек 50 орын.

Сіздің видеоңыз әлеуметтік желіде 100 000 жинаған қаралымыңыз үшін - 50 000тг сыйлыққа. (TikTok, Instagram)

Қатысушыларды 7 қыркүйекке дейін қабылдап, жеңімпаздарды 9 қыркүйекте анықтамақ.

Серіктес жаңалықтары