×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысын жеңіп, титулын қорғап қалды

21.11.2021, 10:14
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас Вегастағы бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

27 жастағы қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы чемпион, француз боксшысы Хасан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) кездесті. Айқас 10 раундқа есептелген. Алайда Әлімханұлы сегізінші раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңіп шықты. Үшінші раундта францз боксшысы ногдаун алды.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global чемпионы титулын сақтап қалды. Хасан Ндам Нжикам кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліп отыр.

«Аллаға шүкір, кезекті жеңіске қол жеткіздік! Бұл тек менің емес, бұл Қазақ елінің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі QAZAQ STYLE жанкүйерлерінің жеңісі! Біз тарих жасаймыз. Біз әлі әлемді шулатамыз, бұйыртса! Қолдауларыңызға рақмет!» - деп жазды боксшы жеңісінен кейін инстаграм парақшасында.

Серіктес жаңалықтары