Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға 274,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 583,4 мың отбасыға 274,8 млрд теңге мөлшерінде қаржы берілді. Оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге жәрдемақы төленді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
БИЫЛ 474,8 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.