×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

400 мыңнан астам баланың ата-анасына 17,3 млрд теңге аударылды

20.08.2024, 09:36
400 мыңнан астам баланың ата-анасына 17,3 млрд теңге аударылды
Фото: Everything.kz

Бүгінгі күні «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 423 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 17,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтарын, кеңсе тауарларын сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 423 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 17,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

Айта кетейік, оқу жылы қарсаңында өңірлерде мектеп жәрмеңкелері болып жатыр.

Мәселен, 1-31 тамыз аралығында елорда бойынша бірнеше жерде мектеп жәрмеңкесі жұмыс істеп жатыр.

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы басталды.