Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Олардың арасында Қазақстан, Украина мен Ресей азаматтары бар.
Жалпы шығын мөлшері 250 млн теңгеден асты.
ҮШ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ БІРІГІП ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан.
Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.
Жақында елімізге Ресейден тағы бір күдіктінің қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадицияланғаны хабарланды. Ол алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілініп отыр.