×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Таксиде баға неге удай – министр Қарабаевтың жауабы

20.08.2024, 12:29
Таксиде баға неге удай – министр Қарабаевтың жауабы
Фото: Pixabay

Үкімет отырысында өзге сұрақтармен бірге көлік министрі Марат Қарабаевқа "ірі қалаларда такси бағасы неліктен қымбат?" деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарабаевтың жауабы

– Жалпы нарық бәсекеге қабілетті әрі бұл қызмет реттелмеген, бірақ заң жүзінде реттеу мүмкін деп санаймын. Бұл Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жұмысы. Олар нақты жағдайға ықпал ету үшін мемлекеттік органның толық құзыретіне ие. Бұл бір. Екіншіден, такси қызметінің бағасы реттелмейді. Менің ойымша, баға белгілеу мүмкін емес. Екінші жағынан, агрегаттардың қызметін цифрландыру саласындағы уәкілетті органдар бойынша немесе көлік саласындағы толық ақпарат беру тұрғысынан тексеруге болады. Осылайша белгілі бір әрекет ету шараларын қабылдай аламыз. Қарбалас уақытта баға көтеріліп кетеді, - дейді Қарабаев.

Министрдің сөзінше, қазір қалаларда InDriver мен Яндекс такси қызметіне сұраныс жоғары. 

– Қазақстанда бірқатар агрегататорлар бар, олар жекелеген қалаларда сұранысқа ие. Өскеменде, Шымкентте сондай агрегаторлар бар. Бізге "BOLT" компаниясы да хабарласты. Бұл Эстонияның такси қызметі. Еуропада өте танымал компания. Бұл, шын мәнінде, Еуропадағы "Яндекс" аналогы. Олар біздің нарыққа қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін қала тұрғындары жол апаты жағдайында жол жүру құнының айтарлықтай өсіп кететініне шағымданған еді.