×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

2025 жылы Қатон-Қарағай 100% таза ауыз сумен қамтылады

20.08.2024, 13:28
2025 жылы Қатон-Қарағай 100% таза ауыз сумен қамтылады

Катон-Қарағай ауданы Топқайың ауылында жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Катон-Қарағай ауданы Топқайың ауылында жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, ауданда жергілікті атқарушы органдардың бақылауымен 2021 жылдың маусым айында басталған су желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «QazConstructions» ЖШС.  

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША ЖҰМЫС 75% ОРЫНДАЛДЫ

- Жұмыс 75 пайызға орындалды: 14 шақырымнан 12 шақырымнан астам су құбыры желісі тартылды, ұңғымалардың 87 пайызы орнатылды, сорғы станциясы салынды, қоршаулар мен жабдықтар орнатылды, оның ішінде жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері аяқталды, - деп атап өтті Катон-Қарағай ауданының әкімдігі.

Жергілікті әкімдіктің алдында тез арада атқарылуы тиіс бірқатар міндет тұр. Оның ішінде таза су қоймаларын салу, аумақты абаттандыру және тұтынушылардың шекарасына дейін жеткізу желілерінің құрылысын аяқтау бар. Бұл мақсатқа бюджеттен қажетті қаражат бөлінген. Жоспар аясында барлық жұмыс 30 қарашаға дейін аяқталуы тиіс.

Айта кетейік, облыста тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 жылдарда сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша 16 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылдың соңына қарай таза ауыз сумен қамтамасыз ету және сумен қамту 100% құрайды.

ҚЫРКҮЙЕКТЕ АУЫЛ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Топқайың ауылы үшін маңызды мәселелердің бірі – тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету. 2023 жылы Starlink интернеты жергілікті мектепте орнатылды. Енді мобильді интернетпен толық қамтамасыз ету мақсатында антенналық діңгек құрылымының (АДҚ) құрылысы басталды. 10 кВ әуе желісін монтаждау жұмыстары аяқталдып, іргетас шұңқыры әзірленді, діңгекке арналған материалдар өндірісте. АДҚ 2024 жылдың 30 қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарлануда, одан кейін Интернетке қолжетімділікті «Mobile Telecom Service» ЖШС операторы (Tele2) қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 2025 жылы Катонқарағай ауданында ауылдағы мемлекеттік мекемелерге талшықты-оптикалық желі тарту жоспарлануда.