×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

«Тариф өспейді бірақ...» әуе билеттері биыл тағы қымбаттай ма

21.08.2024, 13:10
«Тариф өспейді бірақ...» әуе билеттері биыл тағы қымбаттай ма
Pixabay

Бұл сұраққа көлік вице-министрі Талғат Ластаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Ластаевқа әуе билетінің бағасы жөнінде сұрақ қойылды.

– Негізі тарифті өсіру жоспарда жоқ. Тариф әртүрлі элементтерден тұрады. Ең үлкені – жанармай. Қазір отандық зауыттар бізге жетерлік жанармайды өндіре алмай жатыр. Сондықтан оны импорттауға тура келеді. Ал оның бағасы бірде түседі, бірде өседі. Ол бағаға әсер етеді тариф өспейді, бірақ күнделікті факторлар әсер етеді, – дейді ол.

Ластаев билетті арзанырақ алу үшін билетті алдын ала сатып алуға кеңес береді.