×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістанда еңбек орталығы "жоқ адамдар" үшін 130 млн теңге алып отырған

Түркістанда еңбек орталығы "жоқ адамдар" үшін 130 млн теңге алып отырған
Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмысты әшкерелеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірген.

«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025» жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында бірқатар кәсіпорын басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс істемейтін 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.

Тергеу жалғасып жатыр.