Биыл 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесін 7 қызметкері мен Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне, жалпы 11 адамға сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
Прокурорлар айыпталушылардың сотталған 11 адамға қатысты азаптау әдістерін қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.
Сот не дейді
Сот үкімімен мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы мекеменің басқа да 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.