×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Әкім Қасымбек Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігін сыйлады

Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берілгені туралы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім. Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті. Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр. Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін! – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Оқи отырыңыз: Париж Олимпиадасының медалі бар спорт федерацияларын кімдер басқарады

Еске сала кетейік, бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.