Алты айдың қорытындысы бойынша шетелден 50-300 адамдық 13 әуе кемесі сатып алынған.
Алты айдың қорытындысы бойынша шетелден 50-300 адамдық 13 әуе кемесі сатып алынған. Қаңтар-маусымдағы бұндай көрсеткіш 2015 жылдан бері болған емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әдетте алғашқы жартыжылдықта елімізге бестен артық емес ұшақ жеткізіледі. Алайда 2018 және биыл ғана 8 ұшақ сатып алынды. Кейде сатып алынбайтын да жағдайлар кездеседі. 2016 жылы ешқандай ұшақ сатып алынбаған.
Негізгі жеткізушілер Франция (6 бірлік) және Ирландии (4 бірлік). АҚШ-тан тағы екі әуе кемесі жөнетілген, Германия 1 ұшақ жіберген. Ақшалай мәнде импорт $656 млн болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе артық. Бір ұшақ орта есеппен $50,5 млн сатып алынғанын есептеу қиын емес. Бір жыл бұрын 46,3 млн долларға 5 әуе кемесі сатып алынған болатын.
Бір айта кетерлігі, сатып алған ұшақтармен қатар сатылғандар саны да рекордтық көрсеткішті құрайды. 10 ұшақ шетелге сатылған, оның 7-еуі Ирландияға жөнелтілген.