Қостанай облысының тұрғыны интернетте зиянды бағдарлама таратқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қостанай облысы бойынша ҰҚКД және ПД облыстық прокуратураның үйлестіруімен интернет желісінде зиянды бағдарламаны (вирустарды) таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Зиянды бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік берген. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алады.