×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тұмаудан қалай тез жазылуға болады

Тұмаудан қалай тез жазылуға болады
Фото: саквояж-здоровья.рф

Санаулы күндерден соң күз айының алғашқы айы басталады. Жаздың соңғы айлары жаңбырлы болып, көптеген адам бір ыстық, бір салқын ауа райынан ауырып қалып жатыр. Әсіресе, халық арасында тұмаурату жиілеп тұр. Осыған байланысты Ulysmedia.kz мамандардың бұл ауру түрінен қалай тез айығу туралы бірнеше кеңесін ұсынып отыр.  

1. Ыстық шай ішіңіз

Тұмау тисе ыстық шай немесе кез-келген басқа да сусын ішіңіз. Ең бастысы, ол ыстық болуы керек, бірақ күйдіретіндей емес. Тұмау тигенде ыстық сусын мен оның буы жұтқыншақтың қан айналымын арттырады. Нәтижесінде бітелген мұрын ашылып, дем алу оңайырақ болады.

2. Мүмкіндігінше көп сұйықтық ішкен дұрыс

Жоғарыдағы тармақты ескере отырып, әсері күшті болу үшін жылы сусын ішу керек. Бірақ егер қолыңызда салқын сусын ғана болса, ол да жарамды. Бастысы сұйықтық ішу қажет. Себебі, денеде су жеткіліксіз болған кезде мұрын бітеліп, дұрыс жұмыс істемейді. Танаудың ішіндегі шырыш құрғап, қалыңдап, мұрынның бітелуіне әкеледі. Сонымен қатар, мұрында осындай қалың маңқа қалыптасқанда вирустар мен бактериялар өзін жеңіл сезінеді. Яғни ауру ұзаққа созылуы немесе жалпы суықтан әлдеқайда жағымсыз нәрсеге мысалы, кеңсірік ауруына (гайморит) айналуы мүмкін.

Сұйықтық ішу арқылы сіз шырышты сұйық жасайсыз және соның нәтижесінде оның қабаты жұқаланады. Егер мұрыныңыз бітелген болса, ол да кетеді. Ал қалыпты ағымдағы маңқа ағзаға танаудағы вирустарды жылдам шығарып, жалпы тұмау мен суықтан арылуға мүмкіндік береді.

3. Тамағыңызды булаңыз (ингаляция)

Ыстық бумен дем алу суықтың, соның ішінде тұмаудың әсерін күрт төмендетеді және ауру уақытын қысқартады. Беделді Healthline медицина ресурсы тамақты келесідей әдіспен булауды ұсынады:

Кәстрөлге таза су құйып жылытыңыз. Бірақ, оны қайнатудың қажеті жоқ, бастысы судан жылы бу шығуы керек.

Жылы су құйылған кәстрөлді үстелге немесе басқа да ыңғайлы жерге қойыңыз да, бетіңізді 20-30 минут буда ұстаңыз. Егер бу өте ыстық болса шамалы күте тұрыңыз.

Мұрын арқылы терең тыныс алыңыз. Ауаны да мұрыннан шығарыңыз. Шырыштан құтылу үшін шамалы күш салып дем алып көріңіз.

Сондай-ақ, ингаляцияға арналған суға эвкалипт, ащы жалбыз, шалфей, розмарин, қарағай, шай ағашы, жебіршөптің әсері бар эфир майынан бірнеше тамшы қосуға болады.

4. Ыстық душ қабылдаңыз

Жылдам жеңілдегіңіз келсе, ыстық душ қабылдаған дұрыс. Ингаляция немесе ыстық шай сияқты, душта мұрыннан аққан суды жақсы тоқтатады және мұрынның бітелу сезімін жояды.

5. Мұрынға жылы компресс жасаңыз

Күніне 3-4 рет, 2-3 минуттан ыстық суға малынған дымқылданған майлықты мұрныңызға қойып қойыңыз. Бірақ, майлық қатты күйдіріп жіберетіндей ыстық болмауы керек.

6. Мұрынды тұз ерітіндісімен шайып шығыңыз

Дәріханадан дайын тұз ауа кірнесін сатып алыңыз немесе оны өзіңіз үйден дайындаңыз. Тұз ерітіндісін дайындау әдісі де қарапайым. 240 миллилитр стақанға жылы су құйып, оған ½ шай қасық тұз бен бір шымшым ас содасын қосыңыз. Мұрныңызды осы ерітіндімен күніне 3-4 рет жағымсыз симптомдар жойылғанша шайыңыз.

7. Тамыр тарылтқыш мұрын спрейлерін немесе тамшыларын қолданыңыз

Олар ісінуді жойып және жаңа маңқаның қалыптасуын баяулатады. Нәтижесі де жылдам. Мұрын қайтадан дем алады және одан тамшы ақпайды. Бұл әсер әдетте, бірнеше сағат бойы  сақталады,  содан кейін рәсімді тағы қайталау қажет.

Бірақ, есіңізде болсын, мұндай құралдарды 3 күннен артық пайдалануға болмайды. Әйтпесе, жағымсыз жанама әсерлері болуы мүмкін. Мұндай спрейлерді ұзақ қолданса адам оған әдеттеніп қалады, соның салдарынан мұрынның шырышты қабаты жұқарып, ринит пен басқа да мұрын аурулары пайда болуы мүмкін.

8. Дәрігерге қаралыңыз

Тұмау – бұл тәуелсіз ауру емес, тек симптом. Одан толығымен айығу үшін «жанама әсері» бар ауруды жеңу керек. Бұны кәсіби мамандардың немесе терапевтердің жетекшілігімен жүргізген тиімді.

Маңызды ескерту: Жедел медициналық көмекті қажет ететін тұмау түрлері болатынын біле жүріңіз.

Тұмау кезінде мұрын мен маңдай немесе бет жағыңыз бен көзіңіз ісіп тұрса міндетті түрде дәрігерге барыңыз немесе жедел жәрдем қызметін шақыртыңыз.

Суық тиюден басқа, тамағыңыз қатты ауырса, көмекей безінде немесе жұтқыншақтың басқа жерлерінде ақ не сары дақтарды байқасаңыз;

Мұрыннан шыққан сұйықтықтықта жағымсыз иіс болса;

Тұмау 10 күнге созылған жөтелдің салдарынан пайда болса және мұрыннан аққан сұйықтық сары-жасыл немесе сұр түсті болса;

Бас ауруы басталғаннан кейін бірден мұрын бітеліп, тұмауратсаңыз және тұмаумен бірге қалтырап қызуыңыз көтерілсе дәрігерге барыңыз немесе жоқ дегенде кеңес алу үшін мамандарға хабарласыңыз.