Украина президенті Тәуелсіздік күні ел азаматтарына жүгінді. Владимир Зеленскийдің айтуынша, оның бейнеүндеуі Ресейдің Курск облысымен шектесетін Сума облысында жазылған. Ол жаққа Украина армиясы 6 тамызда басып кірген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Бүгін біз Украина тәуелсіздігінің 33-ші рет өткізіп отырмыз. Жаудың біздің жерге алып келгені енді өз үйіне кірді. Біздің жерді буферлік аймаққа айналдырғысы келген адам өз елі буферлік федерацияға айналмауы үшін енді ойлануы керек, - деді Зеленский.
Зеленский Путинді "Қызыл алаңдағы ауру шал" деп атады. Ресей президентін атымен атамады, ал Ресейді "әлемдегі бірінші террористік ұйымға" теңеді.
– Қызыл алаңдағы ауру шал үнемі қызыл түймемен қорқыта да, бізге қызыл сызықтан асып кетпе деп бұйыра да алмайды, – деді Зеленский.
Сонымен қатар Зеленский Тәуелсіздік күніне арналған мерекелер кезінде 24 тамызда украин әскері алғаш рет Ресей армиясының позицияларын жаңа қарумен — "Паляница" зымыран-дронымен соққы жасағанын мәлімдеді. Зеленский зымыранның қайда және қандай мақсатта қолданылғанын ашып айтпады.
– Бұл біз үшін агрессордан кек алудың жаңа әдісі. Жаудың күл-талқаны шықты. Мен соны іске асырғандардың бәріне алғыс айтамын. Оны жасағандар да, өндірушілер және біздің жауынгерлер, - деді Украина президенті.
Ресей жағы Зеленскийдің Украинаның жаңа қарумен соққысы туралы хабарламасына түсініктеме берген жоқ.
Киевтегі Украинаның тәуелсіздік күніне арналған мерекесіне Польша президенті Анджей Дуда мен Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните қатысты.