×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Теміртаудағы оқиға: Qarmet өз жұмысшылары қаза болғанын жоққа шығарды

25.08.2024, 17:59
Теміртаудағы оқиға: Qarmet өз жұмысшылары қаза болғанын жоққа шығарды
Коллаж Ulysmedia

"Qarmet" АҚ әкімшілігі өз қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біірқатар БАҚ-та "Qarmet" АҚ қызметкерлері бөлшектеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде өлімге апарып соққан жарақатты алғаны туралы ақпарат пайда болған.

Компания қайғылы оқиғаға "Қазмеханомонтаж" ЖШС қызметкерлері ұшырағанын хабарлайды.

 "Бүгін бірқатар БАҚ және телеграм арналарда бөлшектеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде "Qarmet" АҚ қызметкерлерімен болған жазатайым оқиға туралы ақпарат тарады. 

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған", - делінген хабарламада.

Qarmet қаза тапқан "Қазмеханомонтаж" ЖШС қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.

Оқиға жайлы

25 тамызда сағат 9:20 шамасында Теміртауда химиялық ұстау блогы (ХҰБ) ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлап кеткен.

Екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмған.

Қаза тапқан Д. Иманғалиев 19 жаста, Ю.Самойлов 38 жаста болған.