×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жаңқош Тұраров журналистер келген жиынға өзі келмей, адвокатын жіберді

26.08.2024, 15:24
Жаңқош Тұраров журналистер келген жиынға өзі келмей, адвокатын жіберді
Фото: Ашық дереккөзден

Боксшы Жаңқош Тұраров Алматыда журналистерді шақырып, баспасөз мәслихатына өзі келмей, адвокатын жіберді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Баспасөз мәслихатына келген адвокаты Самат Мамутов “мені зорлады” деп арыз жазған Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға өтініш түсіргенін айтты. Адвокаттың айтуынша, “боксшы жаттығып, жекпе-жекке дайындалып жүр”.

Белгілі боксшы Жаңқош Тұраров «қыз зорлады» деген күдікке ілінген еді.  Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған.

Ал боксшы өзіне негізсіз айып тағылғанын айтты.

Боксшы зорлады деген әйел БАҚ-қа сұхбат беріп, алты жыл бойы алданып келгенін мәлімдеген.