×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңбыр, дауыл, тұман: 27 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

27.08.2024, 08:31
Жаңбыр, дауыл, тұман: 27 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып, найзағаймен жаңбыр жауады деп күтіледі.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 27 тамызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып, найзағаймен жаңбыр жауады деп күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіліп, елдің солтүстігінде, шығысында – түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде – шаңды дауыл, Қызылорда облысында – дауыл болады.

Абай, Ұлытау облыстарында, батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атырау облысының  орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде,шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде  төтенше өрт қаупі сақталады.