×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АЭС референдумы: Үкімет қаулы қабылдады

27.08.2024, 11:01
АЭС референдумы: Үкімет қаулы қабылдады
Коллаж Ulysmedia.kz

Үкімет президенттің АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жарлығы жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Үкімет отырысы барысында президенттің атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жарлығы жөнінде қаулы қабылданды.

– Әлем тәжірибесі атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім екенін көрсетеді, - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

20 тамызда Астанада елімізде АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен. 

Қазақстандағы АЭС

2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялады. 2023 жылы 4 қазанда Қазақстанның Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін атом электр станциясының құрылысына байланысты барлық жұмыс тоқтатылғанын хабарлады.

2023 жылы қарашада Ресей басшысы Владимир Путин егер Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда "Росатом" мемлекеттік корпорациясы тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді. 

Референдум күзге жоспарланған. Осы уақытқа дейін барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс.

Сонымен қатар, кейбір экологтар мен азаматтық белсенділер Қазақстанды АЭС пен радиациядан азат ету керек деп санайды.