Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға екі жылдық мораторий енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мораторийді енгізу туралы ақпарат нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, – делінген құжатта.
Мынадай жағдайлар мараторийге бағынбайды:
• "заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның орындалуын қамтамасыз ету үшін компания құру;
• ерекше жағдайларда, Қазақстан Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша.
Осы қаулы "экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын орындау мақсатында оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің баспасөз қызметі қаулыға қол қойылғанын растады. Мораторий 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.