×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Жаңа саяси маусым: Парламент 2 қыркүйекте жұмысын бастайды

28.08.2024, 11:33
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған өкім мәтінінде.  

Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауын жариялайды. 

28 маусымда Қазақстан Парламенті мәжілісі мен сенатының депутаттары демалысқа шықты.