×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бензин шықпайды, алма кірмейді – Үкімет комиссиясы шешімге келді

28.08.2024, 16:09
Бензин шықпайды, алма кірмейді – Үкімет комиссиясы шешімге келді
Фото: Ашық дереккөзден

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комиссия шешімі

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді назарға ала отырып, талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданған.

– Сондай-ақ Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы алманың жалпы жиналуы 300 мың тонна деңгейінде болжанады. Жеміс-жидек өндірісінің мұндай көлеміне өткен жылдары бағбандық өсіру үшін көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді. 2024 жылы алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру күтілуде, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен жүктеу мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi. Талқылау қорытындысы бойынша Қаржы министрлігінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП және мүдделі қауымдастықтармен бірге жаңа салық кодексінің ережелерін ескере отырып пысықтайды деген шешім қабылданды.