ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының есебі жыныстық жағынан белсенді жасөспірімдер арасында презерватив қолдану 2014 жылдан бері едәуір төмендегенін, ал қорғалмаған жыныстық қатынас көрсеткіштері алаңдатушылық тудыратынын көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жастар үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және жоспарланбаған жүктілік қаупін тудырады. Жаңа деректер «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) деген көп компонентті зерттеу аясында жарияланған, зерттеу кезінде 2014 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 42 елде және өңірлерде 15 жастағы 242 000 бала арасында сауалнама жүргізілген.
15 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 35%-Ы ҚОРҒАЛМАҒАН ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ТҮСЕДІ
Қазақстанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) жүргізген зерттеу деректері бойынша жыныстық жағынан белсенді 15 жастағы жасөспірімдердің 35%-ы қорғалмаған жыныстық қатынасқа түседі, бұл ДДҰ ескерткендей жастар үшін күтпеген жүктілік, қауіпті түсік тастау және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) жұқтырудың жоғары қаупі сияқты салдарға әкелуі мүмкін. Деректер қорғалмаған жыныстық қатынастың қатты жиілеуі сексуалды денсаулық саласында білім беруді қоса алғанда тиісті жасқа кешенді жыныстық білім беруде және контрацепция түрлерінің қолжетімділігінде үлкен олқылық бар екені көрсетеді.
ПРЕЗЕРВАТИВТІ АЗ ҚОЛДАНУ АЛАҢДАТАДЫ
2018 жылғы көрстекіштермен салыстырғанда Қазақстандағы жаңа деректер жыныстық қатынас кезінде презерватив қолдану туралы айтқан жасөспірімдер санының айтарлықтай төмендегенін көрсетеді. 2018 жылы 15 жастағы жасөспірімдердің 71%-ы соңғы жыныстық қатынас кезінде презерватив қолданған болса, 2022 жылы олардың 60%-ы презерватив қолданған. Презерватив қолданудың төмендеуі жаппай етек алуда, бірқатар ел мен өңірлерді жайлап жатыр, кейбір елдерде күрт төмендеу байқалады.
«Мұндай алаңдатушылық тудыратын үрдісті жою және жастар арасында қауіпсіз жыныстық мінез-құлық туралы білімді арттыру бойынша мақсатты шараларға деген үлкен қажеттілік туындап отыр. Күтпеген жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін қоғамдық денсаулық саласындағы мамандардың, медицина қызметкерлерінің, ұстаздар мен ата-аналардың алдында жастарға репродуктивті денсаулық мәселелері жөнінде ағарту жұмысын жүргізу міндеті тұр», - дейді , ҚР ДСМ «ҚДСҰО» Басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова.
ҚАЗАҚСТАН ДЕРЕКТЕРІ
Презерватив қолданудың төмендеуі: соңғы жыныстық қатынас кезінде презерватив қолданған сексуалды белсенді жас жігіттердің үлесі 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 71%-дан 60%-ға дейін төмендеген.
Қорғалмаған жыныстық қатынастың жоғары көрсеткіштері: жасөспірімдердің үштен бір бөлігі (35%) соңғы жыныстық қатынас кезінде презервативті де, жүктіліктен қорғайтын дәрілерді де қолданбағаны туралы айтады, алайда бұл көрсеткіш (29%) 2018 жылдан бері жақсарды.
ЖАСТАРҒА ЖЫНЫСТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АШЫҚ АЙТУ ҚАЖЕТ
Зерттеу нәтижелері жастарды жаппай жыныстық ағарту және оларға ресурстар беру маңыздылығына баса назар аударады.
«Жасөспірімдер өздерінің сексуалды денсаулығына байланысты дәлелді шешімдер қабылдауы үшін білім және ресурстар алуы тиіс. Бізде жасөспірімдердің сексуалды денсаулығы саласындағы нәтижелерді жақсартуға арналған дәлелдер, құралдар және стратегиялар бар, бірақ оларды іске асыру үшін саяси ерікті және ресурстарды қажет етеміз», - дейді Утрехт университетінің өкілі, есептің бірлескен авторларының бірі доктор Маргрет де Лоозе.
ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы саясаткерлерді, педагогтарды және медициналық қызмет көрсетушілерді жасөспірімдердің сексуалды денсаулығын мынандай жолдар арқылы басты назарда ұстауға шақырады:
Кешенді жыныстық тәрбиелеуге инвестиция салу: мектептерде ғылыми негізделген жыныстық ағарту бағдарламаларын енгізу және қаржыландыру. Бұл мақсатта Біріккен ұлттар ұйымы мекемелерінің және серіктестерінің консорциумы әзірлеген сексуалды білім берудің Халықаралық техникалық басқарушылық қағидаттары (ITGSE) негізгі рөл атқарады.
Жастарға арналған репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша қызметтерге қолжетімділікті кеңейту: жасөспірімдерді олардың нақты қажеттіліктеріне және таңдауларына сәйкес келетін репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша құпия сақталатын, ашық және қолайлы қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда мұндай қызметтер Жастар денсаулық орталықтарында көрсетіледі.
Ашық диалог өткізуге жәрдемдесу: стигматизацияны азайту және хабардарлықты арттыру үшін отбасыларда, мектептерде және қауымдастықтарда сексуалды денсаулық туралы ашық және шынайы әңгімелесуге үндеу.
Педагогтарды оқыту: тиімді және инклюзивті жыныстық білім беруді қамтамасыз ету үшін мұғалімдер мен медициналық қызмет көрсетушілерге арнайы дайындық жүргізу. Мұндай ресурстар мектепте де, мектептен тыс мекемелерде де қолжетімді болуы тиіс.