×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Жамбыл облысында жеңіл көлік танкпен бетпе-бет соғысты

29.08.2024, 16:48
Жамбыл облысында жеңіл көлік танкпен бетпе-бет соғысты
скриншот

Жамбыл облысында әскери техниканың қозғалысы кезінде автокөлік танкке жол бермей, соқтығысып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде соқтығысқан сәттен кейінші бейнелер пайда болды. Онда жүргізуші отырған көліктің алдыңғы жағында болғаны көрінеді. Әскери қызметшілер оған көліктен шығуға көмектескен. 

– Ашық далада күтпеген жерден әскери танк Жамбыл облысынан келе жатқан жүргізушінің жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысты, - деп жазады EGOV.PRESS.Telegram-арнасы.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл көлік танкке өзі келіп соқтығысқан деп хабарлайды, өйткені ол жол бермеген, тиісті жол белгісін елемеген. 

– 28 тамызда гвардиялық гарнизонның "Мәтібұлақ" оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes автокөлігі жол ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері "танкке жол бер" белгісімен жабдықталған", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ауруханаға жатудан бас тартты және ведомство мәлімдегендей, ешқандай шағым түсірмеген. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.