"Қазақфильм" басшысы қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды желіде жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазақфильм" басшысы қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды желіде жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жаңадын туған қасқыр,балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді .Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре.
Содан, қозғалмай жатып ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық.
Күндердің күні туғанда.
Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солай”, - деп жазды ол.
«Бұл қазіргі жалқау жатып ішерлерге сабақ болар әңгіме, мәні тереңде жатыр», «Осы аңызбен көп нәрсені айтты ау, Азамат атына сай деп білем», «Мықты тәмсіл расында да», «Не деген жұмбақ? Қалай жоруға болады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Азамат Сатыбалдының «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кеткені туралы ақпарат 31 шілдеде белгілі болды.
Азамат Сатыбалды бұл қызметті бір жыл атқарды.
Азамат Сатыбалды БАҚ-қа берген сұхбатында “Қазақфильм” киностудиясымен келісімшартты ұзартқысы келмегенін айтқан. Қазір актер халықаралық киножобаларға қатысу үшін Қытайда жүр.
Kursiv басылымы Мәдениет және ақпарат министрлігі кинокомпания басшысының кеткені жөнінде ақпаратты жоққа шығарғанын жазады.
Азамат Сатыбалды басқарғалы киностудияның басынан дау арылмаған.
Бұған дейін Парламентте кино саласындағы бюджеттің тиімсіз игерілуі сыналған еді. 2016-2022 жылдары Қазақфильмге кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен, оның 4,8 пайызы ғана ақталған.
Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын "Алтын адам" туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын. Кейіннен Қазақфильм аниматорлардың қордаланған айлығын төлеп беретінін мәлімдеді.