×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Netflix Қазақстанға қызықпайды – продюсер

03.09.2024, 10:28
Netflix Қазақстанға қызықпайды – продюсер
Коллаж: ulysmedia.kz.

Белгілі продюсер әрі YOLO House пен BIP House тиктокерлер үйінің негізін қалаушы Бексұлтан Қазыбек Netflix компаниясымен бірнеше рет келіссөз жүргізуге тырысқанын айтады. Алайда кино-сериал нарығында "жоғарғы лига көшбасшысы" саналатын компания Қазақстандағы жобаларға қызықпаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

– Біз бірнеше рет келіссөз жүргізуге тырыстық. Бәлкім, сізде супер керемет сериал болуы мүмкін. Бірақ дистрибюция дұрыс болмаса, оны ашып ешкім қарамайды да. Өйткені оларға аптасына 200-300 өтінім келіп түседі. Бәрін қарап шығуға сондағы продюсерлердің уақыты табыла бермейді, – дейді ол.

Продюсер өз өнімдерін маркетинг есебінен жарнамалайды.

– Егер бұл кезекті оқушылар жайлы сериал болса, оны сол жақта көре қалуы екіталай. Біз әртүрлі кеңселер арқылы ол жаққа шыққанбыз. Қазақстандағы нарық ол жақта Польшадағы кеңсе арқылы қаралады. Олар тіпті біздің аймақтағы сериалдарды қарамайды. Оларға қызық емес. Олар Қазақстанға нарық ретінде қызықпайды. Олар бізге “Netflix үшін Қазақстанмен жоба қызықты емес” деді. Ол жоғарғы лига ғой. Ол жаққа жету өте қиын, – дейді  Бексұлтан Қазыбек nFactorial Podcast ютуб-арнасына берген сұхбатында.

Netflix, Inc. — америкалық компания әрі фильмдер мен сериалдардың стриминг сервисі. 1997 жылы іргесі қаланған. Штаб-пәтері Калифорниядағы Лос-Гатоста орналасқан.