×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Референдумды мектепте өткізбеу мүмкін емес — ОСК төрағасы

03.09.2024, 12:45
Референдумды мектепте өткізбеу мүмкін емес — ОСК төрағасы
Фото Ulysmedia

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум өңірлерде қай орында өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Қазір ауыл әкімдерінің сайлауы жоспар бойынша өткізіліп жатыр. Басқа мемлекеттердің тәжірибесін алып қарайық. Үндістанда, Мажарстанда, Венгрияда болдым. ТМД елдерін айтпай-ақ қояйын. Барлық жерде мектептерде өтеді. Байқасаңыз, ауылдарда мемлекеттік деңгейдегі басқа ғимараттар жоқтың қасы. Әкімдікте өткізбейсің ғой. Ал Мәдениет үйлері ауылдардың бәрінде жоқ. Сондықтан, референдумды мектепте өткізбеу мүмкін емес, – дейді Нұрлан Әбдіров.

Әбдіров референдумға кететін шығын орынды деп есептейді. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина АЭС салу мәселесі бойынша референдумның бюджеті 15,5 млрд теңгені құрайтынын мәлімдеді. ОСК мүшелері бұл сметамен есептелген сома екенін айтады.