×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Иранда блогер бір нүкте үшін 12 жылға сотталды

Иранда блогер бір нүкте үшін 12 жылға сотталды
Фото: дереккөз

Иранда блогер X әлеуметтік желісінде жариялаған тек бір нүкте үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Iran International жазуынша, ол Израильді насихаттағаны үшін кінәлі деп танылған.

Оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің жазбасына бір ғана нүкте қойып қалдырған пікірі үшін 12 жылға сотталды.

Оның пікірі аятолла Хаменеидің жазбасынан екі есе дерлік көп лүпіл жинаған. Басылымның жазуынша, нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды ирандық оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады.

Қамауға алынғаннан кейін блогердің әлеуметтік желідегі парақшасы X-тен жойылған.

Шанбехзадеге "Израильдің пайдасына үгіт-насихат жүргізгені үшін" 5 жыл, "исламдық қасиетті орындарды қорлағаны үшін" - 4 жыл, "жалған ақпарат таратқаны үшін" - 2 жыл және "мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін" тағы 1 жыл берілді.