×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе облысында мектепке барған 9-шы сынып оқушысын өлтіріп кетті

04.09.2024, 10:54
Ақтөбе облысында мектепке барған 9-шы сынып оқушысын өлтіріп кетті
шартты сурет

Оқиға Ақтөбе облысының Кеңесту ауылында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Диапазон" басылымының хабарлауынша, мектеп оқушылары төбелесіп қалған. Төбелес кезінде тоғызыншы сынып оқушысы өлген. Оқиғаның түнде боғланы хабарланады. Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Полиция департаменті Темір аудандық бөлімі кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді полиция..

3 қыркүйекте білім басқармасының жұмыс тобы ауылға барғанын хабарлайды.

Бұған дейін Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв колледжінің мамандандырылған мектеп-интернатының сегізінші сынып оқушысы да кісі қолынан өлген еді. Бұл іс бойынша сот 22 тамызда басталды.