×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе өңірінің үйге зәру тұрғындары 3 млрд теңгеге алданды

04.09.2024, 17:59
Ақтөбе өңірінің үйге зәру тұрғындары 3 млрд теңгеге алданды
Freepik

Бас прокуратура жауапсыз үй салушылар заңда көзделген жазаға тартылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ақтөбе облысында 300 үлескердің 3 миллиард ақшасын ұрлаған құрылыс компания басшылары Арасханов пен Кәрімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Сотқа барлық 300 жәбірленуші қатысты, онда түпкілікті шешім қабылданған 100 томнан тұратын іс материалдары жан-жақты және толық зерттелді.

Нәтижесінде қылмыскерлер заңда көзделген жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Rams City тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері сату бөліміне компанияның нысанды тапсыру мерзімін неге 2023 жылдан 2025 жылға ауыстырғанын анықтау үшін келгені жазылған. Олар көптен күткен үйіненүміттеніп банктен несие алған. Алайда қазір күтуге мәжбүр.