×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

«Үнімді естіді»: Баян Алагөзова Алматыдағы көшелердің жөнделіп жатқанын айтты

Коллаж Ulysmedia

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Instagram-парақшасында Алматы көшелеріндегі жолдардың жөнделгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Менің үнімді естіді. Маған қалада жиі серуендеу керек сияқты. Тағы қай көшемен жүріп өтсем екен? – деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін продюсер Алматының туристер көп жүретін орталық көшелерінде жарық жоқ екенін айтып, әкімдікке шағымданған еді.

– Мен күн сайын осы жолмен жүремін. Назарбаев көшесіндегі бұл шұңқыр үш айдан бері бүтінделмей жатыр. Әлі тұр. Мен әр уақытта айналып өткім келеді, бірақ кейде болмай қалады. Медеу ауданының әкімдігіне жүгінемін – бұған кім жауапты? Біз бұған қашанғы шыдауымыз керек? – деп сұрады продюсер.

Енді, міне, орталық көшелердің жөнделіп жатқанын көрсетіп, жұмыс атқарылып жатқанын айтты.