×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Көшпенділер ойыны": Әр қонаққа қанша қаржы жұмсалатыны айтылды

"Көшпенділер ойыны": Әр қонаққа қанша қаржы жұмсалатыны айтылды
ulysmedia

Көшпенділердің 5-дүниежүзілік ойындарын өткізуге бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні және бұл ақшаның не үшін жұмсалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БЮДЖЕТ

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Дайындық және ұйымдастыру дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Кондыбаев ойынға бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Шығынның басым бөлігі қонақтардың жатын орны мен тамақтануына жұмсалмақ.

"2430 қатысушы бізге келеді деп айттық. Біз бесінші ойындарды өткіземіз. Қалыптасқан дәстүрлер бар. Біздің ұлттық құрамамыз да барлық ойындарға қатысты. Барлық осы дәстүрлер бойынша қабылдаушы тарап әрқашан келген қонақтардың барлық шығындарын өз мойнына алды", - деді ол.

Спикер бір шетелдік спортшының шығыны 2 млн теңгені құрайтынын айтты.

"Әр қонаққа шамамен 1 800 000 теңге жұмсаймыз. Негізгі шығын барлық келген қонақтарды орналастыру, тамақтандыру және тасымалдауға кетеді", - деп нақтылады Абылай Кондыбаев.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ

Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйекте өтеді. Бүгінгі таңда 89 ел өздерінің қатысатын растады. Қазақстаннн 261 спортшы қатысады. Ойындар аясында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады. Медальдардың жалпы саны – 581

Сәуір айының ортасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан бюджет шығыны қысқарғанын мәлімдеді. Бұл Астанадағы Халықаралық форумды өткізбеуге, Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының бюджетін қысқартуға және Токиодағы Дүниежүзілік көрмеге қатысу шығын кесуге әкелді. Тамыз айында көшпенділер ойындарына қатысатын ұлттық құрама формасын Тоқаевқа көрсетті.